Сатып алынған тауар ұнамай қалса, қайта өткізуге бола ма?
Сатып алынған тауар ұнамай қалса, сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде апарсаңыз болады. Сатушы тауарды басқасына ауыстыруға немесе ақшаны толық қайтаруға міндетті. Ескеретін 3 жайт бар:
1. Өнім жапсырмалары бұзылмаған, сатылымға жарамды күйде болуы керек.
2. Чек өзіңізде болғаны жөн. Тауарды сол дүкеннен алғаныңызды растайтын куәлердің айғақтары мен бейнежазбаларын ұсына аласыз. Сіздің осы дүкеннен зат сатып алғаныңызды дәлелдесе, жеткілікті.
3. Дәрі-дәрмек, іш киім, шұлық, жануарлар мен өсімдіктер, өлшеніп берілген тауарлар (кілем, мата), телефонды қайтарып беруге болмайды.
Тұтынушының құқығын таптайтын, бұзатын, қысым жасайтын талаптарды сатушы, тұтынушымен жасалған шартқа енгізуге болмайды.
Шағымға 10 күнтізбелік күн ішінде жауап бермегені үшін сатушы құқық бұзушы болып табылады және оны жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Халықты алдау, сапасыз тауарды өткізіп жіберу немесе сатып алынған заттың кепілдік мерзімі аяқталмай бұзылып қалуы, ал оның ақшасын қайтармай тұтынушыны әуре-сарсаңға салу – қоғамымызда әлі де өзекті мәселе.
Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «Е-тұтынушы» платформасын — тұтынушылар арасында кеңінен танылуына тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде.
Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде «Дулат» және «Орынтай Сейдалиев атындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлесті ктерінің өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдау барысында тұтынушылардың өтініштері қаралып, түсініктемелер берілді.