Бағынысты қызметкерінің пара алғаны үшін басшысы жауапқа тартылды
Түркістан облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынуымен бағынысты қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін Түркістан облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің №6 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Басшының қол астындағы қызметкері мүгедектік туралы анықтаманы беру үшін жәбірленушіден 290 мың теңге ақша алған.
Қылмыстық іс прокуратура органдарына жолданды.
Сондай-ақ, 2022 — 2023 жылдары жемқорлыққа қарсы нақты шараларды атқармағаны үшін 26 мекеме басшысы заң шеңберінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.