Қайта өңдеу саласы даму үстінде

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде мұнда сүт өндірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалығы қайта өңдеу саласына мән беріп отыр. Дарбаза ауылындағы асыл тұқымды сүтті бағыттағы ірі қара малдарды өсіру және сүт өндірумен айналысатын «Фирма Сакен» ЖШС-і 2004 жылы жұмысын бастаған.  Қожалықтың төрағасы шаруашылықты жеке қаражатына — 2 миллион теңгеге ашқан. Бүгінде мұндағы 594 ірі қара малды  күтіп-бағу үшін 19 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жылына 400 тоннаға жуық сүт өндіріп, оны облысымызға сатады. Облыста сүт өндіретін 800-ге жуық шаруашылық бар. Басым көпшілігі Сайрам, Шымкент қаласында орналасқан.  Бүгінде серіктестік қорасында 2642 бас мал басы бар. Оның 595-і ірі қара болса, 2047-сі уақ мал.  Қожалық басшысы  алдағы уақытта мал басын көбейтіп, сүт өнім түрлерін көптеп өндіруге ден қоймақшы. Бүгінде серіктестік иелігінде 1592 гектар жер бар. Жайылым таршылығы әзірге сезіліп отырған жоқ. Жуырда заманауи соңғы үлгідегі озық технологияларды орнатудың арқасында сүт және сүт өнімдерін сапалы етіп өндіруге қол жеткізіп отыр.

Озық технолгияны кеңінен қолдана бастаған серіктестікте жылына 720 тонна шамасында сүт өнімдерін дайындайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444