Өндіріс аясын кеңейтпек

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы құс өсіретін «Бесқара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2015 жылы ашылған болатын. Бүгінде аталмыш құс фабрикасы қанатын кеңге жайып, дамып келеді. Фабрикада  50-ден астам адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Тұрақты жұмыспен қамту үшін серіктестік алдағы уақытта өндіріс аясын кеңейтуді көздеп отыр. Тағам өндірісіне аса қажетті жұмыртқа өндіретін серіктестіктің өнімі сөреде қалып кеткен кезі жоқ. Фабрикада жылына 20 миллион дана тағамдық жұмыртқа өндіреді. Оны облыстың түкпір-түкпіріндегі ауылдарға дейін жөнелтеді. Айта кету керек, Түркістан облысында 30-ға жуық құс фабрикасы болса, онда бүгінгі таңда 1,3 млн. бас құс өсірілуде. Соның барлығынан жалпы алғанда  жылына 180 миллион данаға жуық жұмыртқа алынады. Құс өнімі негізінен өзіміздің облыста саудаланады. Осылайша, елімізде жүргізіліп жатқан индустриалдық-инновациялық дамудың игілігін шалғай ауылдағылар да көріп отыр. Алдағы уақытта басқа да цехтарды іске қоспақ. Жем дайындайтын зауыт ашу жоспарлары бар. Бұдан бөлек, балапан басын көбейтетін кинкубатор ашуды да көздеп отыр. Сол шақта 120-мың бас құс ұстауға мүмкіндік болмақ. Жоба толық қуатына енсе жылына 12 миллионнан астам жұмыртқа өндірілмек. Бұл тек аудан халқын ғана емес, көршілес аймақтарды да сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444