Саланың дамуына серпін бермек

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылындағы биязы жүнді қой өсіретін «Самат» шаруа қожалығы бүгінде ісін ілгерілетіп, өндірісін өрлетіп отыр. 2001 жылы құрылған қожалық бүгінде 3 мыңға жуық биязы жүнді қой өсіреді. Өзге төмен сортты жүдердей емес, әрине биязы жүнге сұраныс өте жоғары. Алдағы уақытта асыл тұқымды қой басын көбейту жоспарларында бар. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері де жетерлік. Серіктестік ұжымы 2006 жылы «Оңтүстік Қазақ мериносы» статусын алса, 2010 жылы «Жергілікті қазақ жылқысы» статусын иеленген. Ал 2011 жылы етті бағыттағы «Асыл тұқымды мал» ірі қара мал шаруашылығы статустарын алған. Шаруашылықта бүгінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Өндірісті кеңейтуді жоспарлап отырған серіктестік алдағы уақытта жұмыс орындарын көбейтуді де көздеп отыр. Жылына 12 тоннаға жуық биязы жүн өндіреді. Жалпы, Түркістан облысында  32 мыңға жуық биязы жүнді қой өсірумен айналысатын 20 шаруашылық бар. Олардың басым көпшілігі Сарыағаш пен Қазығұрт ауданында орналасқан. Ал жүнді қайта өңдейтін Шымкент қаласында екі кәсіпорын жұмыс істейді. Олар — «Шымкент Кашемир» ЖШС мен «Қуат-2002» ЖШС. Аталған кәсіпорындар былтыр 1200 тоннаға жуық жүнді сатып алып қайта өңдеген. Өңделген жүннен киіз және жылу сақтайтын өнімдер шығарылады. Алдағы уақытта 117 тонна биязы жүнге әр келісін 130 теңгеден, жалпы 15,2 млн. теңге субсидия беру жоспарлануда. Аталмыш саладағы даму өзге салалардың дамуына да серпін бермек.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444