БОЛМЫСЫҢ ЖОҒАРЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢ – ҚЫЗМЕТІҢ АДАЛ БОЛСЫН
Бүгін «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта семинар өтті.
Семинарға Заң ғылымдарының магистрі, қоғам өкілі Нұржахан Абуова қатысып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, стратегиялық құжаттың маңызды аспектілерін түсіндірді.
Шараның негізгі мақсаты — өңірдегі квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарда ұжымдық адалдық стандарттарын сақтау бойынша ақпараттық және ағарту жұмыстарын жүргізу.
Нұржахан Ермағанбетқызы өз сөзінде, Тұжырымдамадағы ең басты жаңашылдық — ол негізсіз баюға жауапкершілік енгізілгенін, онда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту, парасатты қоғам қалыптастыру, жемқорлықты азайту, жазаның бұлтартпастығын күшейту, азаматтық қоғамды тарту және тағы басқа маңызды мәселелер қамтылғанын атап өтіп, жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарына қатысты енгізілген жауапкершіліктің қатаңдатылғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» екенін тілге тиек етіп, ұжым қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
Шара соңында жиынға қатысушылар тақырып аясында бірқатар сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.