Қоғам өкілдеріне 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылды

Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің ғимаратында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды заңнамалық өзгерістерді түсіндірумен қатар, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын таныстыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова құжатты таныстыра отырып, онда мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі қамтылғанын атап өтті.

Спикер жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шараларға, оның ішінде сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданғанынан, заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты жауапкершілік қатаңдатылғандығын, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамы кеңейтіліп, комплаенс-қызметтер институты енгізілгендігінен хабардар етті.

Шара соңында кездесуге қатысушылар соңғы жылдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы елеулі оң өзгерістерді атап өтіп, бірлесе жұмыс жасау үшін ұсыныстар білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444