Шымкентте сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі қаралатыны ескертілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағалидің төрағалығымен «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақсатты жиын өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағалидің төрағалығымен «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақсатты жиын өтті. Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, «Shymkent» ӘКК  төрағасы Б.Канкин қатысты. Онлайн режимде өткен жиында Департамент басшысы Асхат Жұмағали елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған шаралардан хабардар етті. Қоғам індетімен күрес шаралары әрбір мекеме басшысының қызметінде басым бағыт болу қажеттігін негізге алып, заң шеңберінде адал қызмет етуге, ұжымда тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыруға шақырды.Шарада ұжымдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі  міндетін жүйелі түрде орындамағаны үшін бірінші басшылардың жеке  жауапкершілігі  қаралатыны туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер ортаға салынды.Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен қабылданған бірқатар маңызды заңнамалық шаралармен, соның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге кеңінен тоқталып, Агенттіктің құзіреттілігі кеңейгендігін мәлімдеп, енгізілген толықтырулармен таныстырды. Ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков парасаттылық – парақорлықтан азат қоғамды қалыптастырудың кепілі екендігін айтып, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің адал қызмет етуінің маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде «Shymkent» ӘКК  төрағасы Б.Канкин өткен жылы Департаментпен өткізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау бойынша ұсыныстың орындалу барысынан, сонымен қатар комплаенс офицерінің жұмысынан хабардар етті.  Шараны қорытындылаған Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында ішкі талдау жұмыстарына айрықша назар аудару қажеттігін ескертіп, жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444