ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шымкентте а.ж. 26-27 сәуір күндері «Бір қатысушы-бір компьютер-бір камера» қағидасын ұстанып, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өтті. Офлайн байқауда барлық ережелер ескеріліп, санитарлық талаптар сақталды.
Олимпиадада 103 оқушы бақтарын сынады, оның ішінде қаладан 100 оқушы, Нұр-Сұлтан қаласынан 3 оқушы қатысқан болатын.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 48 оқушы, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 55 оқушы тапсырды.
Шара қалалық білім басқармасына қарасты «Дарын» орталығымен ұйымдастырылса, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі оның әділ әрі ашық өтуін бақылады.
Жобалық кеңсе басшы Ж.Қамбардың айтуынша байқаудың алғашқы кезеңінде олимпиадаға 3000-нан астам оқушы қатысса, ашықтықтың арқасында ақтық сынға 100 қатысушы іріктеліп отыр.
Қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» орталығы интернет-ресурсында орналастырылып, шифрланған күйде әділ-қазылар мүшелеріне тексеруге жіберілді. Апелляцияға жүгінем деушілермен комиссия мүшелері 29 сәуір күні тілдесетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444