АСЫЛДЫҢ БІРІ — АДАЛДЫҚ

📍Ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне бірқатар өзгерістер күшіне енген болатын.
📍Осыған орай, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде болып, ұжым қызметкерлеріне мақсатты кездесу өткізді.

📍Ең алдымен, штаб төрағасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерді хабарлап, бүгінгі күні Агенттіктің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға басымдық берілгенін баяндады.
📍Сондай-ақ, Агенттік жұмысының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, бірқатар өзгерістер енгізілген жаңа Заңға сәйкес, пара алу, пара беру, делдалдық ету сынды әрекеттерге көрілетін жауапкершіліктің күшейтілгенін жеткізді.
📍Кездесу соңында парақорлық деректерінің алдын алу және адал қоғамды қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444