ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНА СЫБАЙЛАСТЫҢ САЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жунусовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті.
Департаменттің жеке құрамы толық қатысқан шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай қатысып, қоғамдық кесел қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын баса атап өтті.
Ол өз кезегінде Агенттіктің бүгінгі басты миссиясы мен негізгі бағыттарына тоқталып, Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды хабарлап, ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзіреттілігі кеңейгендігін мәлімдеді.
Сонымен қатар, бұдан былай сыйлық, сыйақы және пара алуға және беруге көрілетін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын баяндады.
Бұдан бөлек, Мирас Асқарбайұлы Департаментте ашылған «Адалдық алаңы» бұрышымен танысып, халықпен кері байланыс орнату мүмкіншілігін бақылады.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444