БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен орталығында болып, 5 жыл уақыт аралығын қамтитын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын таныстырды.
Жиын барысында Ержан Жүнісов халықпен тығыз жұмыс жасайтын ұжым қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі соңғы жаңашылдықтар пен өзгерістерді хабарлап, мемлекеттік органдардың жұмысын тұрақты жетілдіруге бағытталған Жобалық басқарудың 4 бағыты — «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» екендігін жеткізді.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444