СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ЗҰЛЫМДЫҚ

ҚР Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет Мақтаарал ауданында арнайы болып, «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Жиынның басты мақсаты — білім беру саласындағы жемқорлықтың туындау салдарынан деңгейін төмендетуге үлес қосу, сыбайластықтан таза қоғам қалыптастыру, 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіру.
Іс-шараға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының және Мақтарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ ауданға қарасты барлық мектеп директорлары қатысты.
Кездесуде сөз алған Нұрдәулет Ілиясұлы мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі білім саласы екендігін айрықша атап өтіп, білім беру саласында орын алған қылмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі — түрлі себептерді алға тартып, білім ордаларына түрлі қажетті заттар алу, лицензия, сертификат және диплом беру, олимпиададан жүлделі орын беруге, аттестаттаудан өткізуге, білім саласында жүргізілетін тексерулерге байланысты жүйелі түрде мұғалімдерден қаржы жинаумен қатар кадр мәселесін шешу сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларға қарастырылған қаржыны талан-таражға салу, мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында да жемқорлық көріністері жиі орын алып жатқанын айтып өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2 ақпандағы №802 Жарлығымен қолданысқа енгізілген 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы мәлімдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидалары мен тәсілдерін түсіндірді.
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің» төрағасы О.Назаров және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының өкілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Нұрдәулет Самет қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырды.
Айта кетейік, кездесу соңында Нұрдәулет Ильясұлы жеке тұлғаларды арнайы қабылдап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444