АУЫЛ ӘКІМІ АУДАННЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшы Қ.К. Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Кеңес отырысында елімізде жемқорлықтың дендеп кеткендігіне алданушылық білдіріп, жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлін күшейту қажеттігіне басымдық берді.
Осы орайда, “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша” кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының
ұйымдастыруымен, өңіріміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың саяси жүйеге көзқарасын өзгерту мақсатында «AMANAT» партиясының мүшесі, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округінің әкімі Иматов Қанат Абдурахманұлымен «Әділдік әкіммен бірге!» тақырыбында кездесуі өтті.
Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуге ауданның студенттері және белсенді жастар қатысты. Қоғамның басты қозғаушы күші — жастар өздерін ойландырып жүрген сауалдарын қойып, Құркелес ауылдық округінің әкімі Қанат Абдурахманұлымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.
Жастарға берер пайдасы мол, келелі кездесуде Қанат Абдурахманұлы жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдаудың барын айтып, халықпен жұмыс жүргізуде ашықтық пен жариялылық қағидаттарын ұстану аса маңызды екеніні, Президенттің өзі осы бағытта жоғары дейгейде жұмыс жүргізуді талап етіп отырғанын айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444