ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін әскери сала мамандары арасында аймақ шекарасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу мақсатында семинар-кеңес өтті.

Аталған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов,  ҚР ҰҚК Сарыағаш гарнизоны бойынша Әскери полиция басқармасының бастығы М.Имрамзаев, Сарыағаш аудандық әкім аппаратының басшысы А.Шамбулов пен Шекара қызметінің жеке құрамы қатысты.

Жиын барысында сөз алған Ержан Әлиұлы Ел Президенті биылғы жылы 1 ақпанда өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Кеңесте кеден саласындағы белең алып тұрған сыбайлас жемқорлық мәселелеріне айрықша назар аударып, Агенттікке осы саладағы  жемқорлық тәуекелдерін жоюды тапсырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, 4 айда Департаментпен тіркелген 48 сыбайлас жемқорлықтың  қылмыстарының басым көпшілігі, соның ішінде 5 қылмыс —  кедендік бақылау саласына қатысты екенін баяндап, осы саладағы жемқорлық фактілері жедел кедендік ресімдеу, кедендік баждар мен әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін парақорлықпен, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланумен байланысты екенін хабарлады.

Ержан Әлиұлы өз сөзінде шекарадағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін, ең алдымен делдалдардың заңсыз іс-әрекеттерімен бірлесіп күресуге шақырды.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта түсірілген әлеуметтік бейнеролик ұсынылып, шекара қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444