Б.МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова Қазақстан Республикасының ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының тыңдаушыларымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан хабардар ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Департамент қызметкері жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласу қажеттігі хабарланды. Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444