СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушы құрамы мен студенттерімен кездесті.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – ұжымда және жастар бойында парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
Іс-шара еркін форматта өтіп, адал жолмен жетістікке жету бойынша қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Жастарға берері мол кездесуде спикер қатысушылардың сауалдарына жауап берді.