МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАҚЫРЫПТА ПІКІРТАЛАС ӨТТІ

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының «Парасат жолы» орталығында А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы мен Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі оқушыларының арасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында пікірталас өтті.

«Іс-шараның басты мақсаты жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, жаңа идеялармен бөлісу, өскелең ұрпақтың жемқорлыққа қатысты пікірлерін білу болып табылады» — деп атап өтті пікірталасқа төрағалық еткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Қамбар.

Пікірсайысқа белсенді оқушылардан құралған топтар қатысып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзекті мәселелерді талқыға салып, қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерінің түйіткілді проблемаларын, орын алу себептерін алға тартты. Сонымен қатар, парасаттылық, адалдық қасиеттері бойынша ойларын ортаға салды.

Жани Қамбар белсенді жастардың жан-жақты дайындалғандықтарына ризашылығын жеткізіп, еліміздің болашақ жастарының бойында болу керек қасиеттермен бөлісті.

Тартысты өткен пікірсайыста достық жеңіп, қатысқан командаларға белсенділіктері үшін алғыс білдірілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444