ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ – ОРТАҚ МАҚСАТ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қатысқан Департамент өкілі Ж.Әлжанова қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға байланысты кешенді алдын алу жұмысына баса назар аударылғандығына тоқталды.

Іс-шарада 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары таныстырылды.

Сонымен қатар, жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылау жайында ақпарат берілді.

Дөңгелек үстел соңында Департамент өкілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда белсенділік танытуға шақыра отырып, жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу мәселелерінен хабардар етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *