СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНА ТҮСКЕН ҚОҢЫРАУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПТЕ АҚША ЖИНАУ ФАКТІСІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 📞1424 сенім телефонына Түркістан қаласында орналасқан
№15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясына қатысты шағым келіп түскен.
🔔Қала тұрғыны тарапынан түскен хабарламада аталған білім беру мекемесінің бітіруші түлектері арасында соңғы қоңырау мерекесіне байланысты деген себеппен ата-аналардан заңсыз ақша жиналып жатқаны жөнінде айтылған.
📝Аталған хабарлама негізінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісовтің қатысуымен №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясында шұғыл жиналыс өтті.
📊Мектепте ақша жинау деректерін жоюға және болдырмауға бағытталған шараға Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Г.Құлбаймбетова, мектеп директоры, тәрбие, оқу ісі жөніндегі орынбасары мен 11-сынып жетекшілері және ата-аналары белсене қатысты.
🎙Жиын барысында сөз алған Ержан Әліұлы оқу жылының аяқталуы қарсаңында түрлі сылтауларды алға тартып, облыс аумағындағы мектептерде ата-аналардан ақша жинау фактісі жиілегенін және бұл құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылғанын ескертті.
⛔Сондай-ақ, жедел түрде ақша жинау мәселелерін тоқтатуды, жемқорлық дкөріністеріне жол бермеуді және ақша жинауды ұйымдастырған тұлғаларды анықтап, тиісті шара көруді тапсырды.
🔶️Егер Сіз де, білім беру ұйымдарында ақша жинау фактілеріне кездесіп, куә болсаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 Call-орталығына хабарлауыңызды сұраймыз.
Хабарыңыз назардан тыс қалмайтынын есіңізге саламыз!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444