Бюрократия аз болса, жемқорлықтың деңгейі де төмендейді

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басымдықтары талқыланған семинарға квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің комплаенс офицерлері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты — Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстыру, өңірде квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиында Нұрдәулет Ильясұлы семинарға қатысушылар назарына Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген негізгі құжаттың басымдықтарына тоқталды.
Сондай-ақ, «Бюрократия аз болса — жемқорлық та аз болады» деген ұстанымға негізделіп, Ел Президентінің «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында барлық мемлекеттік органдар жұмыста ескірген бюрократияланған тәсілдерден бас тартуы тиіс екенін баса атап өтті.
Семинар соңында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс — пікірлер ортаға салынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444