Түркістан облысында «Бизнеске жол» жобасы қарқынды жүргізілуде

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен өткен баспасөз мәслихатында мәлімделді.

Баспасөз спикері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов аймақтағы кәсіп иелеріне Агенттіктің бастамасымен кәсіпкерлерді қорғау бойынша іске қосылған «Бизнеске жол»  жобасының негізгі мақсаты — кәсіпкерлерге түрлі құжаттарды ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету екендігін жеткізіп, жұмыс күндері Департамент тарапынан кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешу жолдары қарастырылатынын хабарлады.

Сондай-ақ, дүйсенбі күндері сағат 15:00 — 16:00 аралығында Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес-қауымдастық өкілдеріне жеке қабылдау өткізілетінін БАҚ өкілдерінің назарына жеткізді.

Бұдан бөлек,  бизнес өкілдеріне  жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, мемлекеттік қолдаулар, соның ішінде кредиттер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер мен тәуекелдер ұшырасқан жағдайда,  Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 орталығына хабарласуға немесе Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100 мекен-жайында орналасқан Департаментке келіп хабарлауға болатынын жеткізді.

Айта кетейік, аталған жобаны Түркістан өңірінде жүзеге асыру барысында түрлі әкімшілік кедергілер мен құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға түскен 1020 кәсіпкердің құқығы толық қорғалып, талап-тілектері қанағаттандырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444