ШЫМКЕНТ: БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

 

Әуесқой бокстан Олимпиада және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласындағы №278 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл ретте былғары қолғап шебері ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының маңызына тоқталды.

– Еліміздің болашағы үшін бүгінгі сайлаудың орны ерекше. Сол себепті азаматтық таңдауымды білдіру үшін сайлауға келдім. Аталған учаскіде жарты сағаттай болып, халықтың келуі мен көңіл күйлеріне зер салдым. Бәрі де ойдағыдай. Қала тұрғындары сайлауға бейжай қарамайтындықтарын байқатуда, – деді Мұхтархан Қабыланбекұлы.

Айта кетейік, қала тұрғындары 312 сайлау учаскесіне барып дауыс беруде. Ал санитарлық талаптар қатаң сақталуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444