Сыбайлас жемқорлықпен күресу — ел саясатындағы негізгі басымдықтың бірі

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткен кеңесте сыбайлас жемқорлықтан таза қоғамды қалыптастыруды көздейтін 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдама бекіткен болатын.
Осыған орай, алдағы 5 жыл уақыт мерзімін қамтитын Тұжырымдаманы мақсатты топтар арасында түсіндіру жұмыстары Түркістан облысында жүйелі түрде жалғасын табуда.
Осы мақсатта, бүгін Кентау қаласында болған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет қала активімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы соңғы өзгерістер мен толықтырулармен хабардар етті.
Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған ауқымды шаралар қарастырылған. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз», — деп сөзін қорытындылады Нұрдәулет Ильясұлы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444