МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҰЖЫРЫМДАМА БАҒЫТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Заң ғылымдарының магистрі, қоғам өкілі Нұржахан Ермағамбетқызы Абуованың бүгінгі Кентау қаласындағы іс-шарасы Кентау қалалық орталық емхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесуімен жалғасты.
Ақ халаттылармен өткен кездесудің негізгі мақсаты — медицина қызметкерлерін ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлыққа тосқауыл болуға жұмылдыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Ар тазалығы сөз болған жиында Нұржахан Ермағамбетқызы Мемлекет басшысы қол қойған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының мазмұнымен таныстырып, сыбайлас жемқорлық алғышарттарын туғызатын себептерге тоқталды.
Түсіндіру шараларының соңында дәрігерлердің үніне құлақ түріп, абзал жандар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444