ШЫМКЕНТ: 2000-НАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОҚЫТЫЛҒАН
2019 жылдың 10 сәуір күні ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры А.Есенгельдина БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
Брифинг барысында спикер ағымдағы жылдың І тоқсандағы жұмыс қорытындысы мен Академия филиалымен жоспарларнған жұмыстарымен таныстырды.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамырындағы«5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға және де жаңа форматтағы мемлекеттік қызметкерлерді даярлауға ерекше көңіл бөлген.
Айтылған тапсырманы орындау мақсатында 2018 жылы Филиал қабырғаларында 2000-нан астам мемлекеттік қызметкерлер оқытылды. Оқыту барысында мемлекеттік қызметкерлердің өз жұмыстарын сапалы әрі кәсіби деңгейде орындау үшін қажетті жаңа дағдылар мен құзыреттерге ерекше мән беріледі» — деді филиал директоры.
2019 жылдың басынан Филиалда өңірлік дамуды трансформациялау тақырыбында Шымкент қаласының 4 аудан әкімі, өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылық құрамы оқытылып, жүйелі түрде Шымкент қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментініңөкілдерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру: Өзгерістерді өзіңнен баста» тақырыбындағы семинарлар мен латын графикасын оқыту бойынша семинарлар өткізілуде.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Филиал негізінде ҚР Президенті жанындағы МБА магистратура мен докторантура бойынша оқу бағдарламаларына түсуге ниет білдірген мемлекеттік қызметкерлерге арнайы ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылды.
Спикердің айтуынша 2019 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білім беру жүйесінің құрылған сәтінен бастап 25 жыл толуымен есте қалмақ.
Сондай-ақ, Филиал негізгі қызметтен бөлек, өз тарапынан қаланың әлеуметтік мәселелеріне де көңіл аударады.
«Нақытрақ айтқанда, «Жетім көрсең жебей жүр» демекші, Филиал Шымкент қаласының Жасөспірімдер үйіне қамқорлық жасап, «Тең құқықтар-тең мүмкіндіктер» атты әлеуметтік жобаны бастады» — деді А. Сатыбалдиновна.
Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне білім-кеңес беру бойынша кеңсе құрылып, кеңсе қабырғаларында тәрбиеленушілер қосымша құзыреттерді меңгеруге, шет ел тілдерін оқу мүмкіндігіне қол жеткізіп, мемлекеттік қызметтер мен ата-анасының қамқорлығынсыз балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек туралы және де басқа да өздеріне қажетті ақпаратты ала алады.
Бүгінгі күнде Филиал мамандары Шымкент қаласының әкімдігіне жобалық менеджментті енгізу бойынша өздерінің мамандырылған көмегін көрсетуде. Жобалық менеджменті іске асыру — қаланы басқару сапасының арттыруына өзінің оң септігін тигізетіні сөзсіз.
Оған қоса, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсеге жүйелі түрде кеңес беру қарқынды іске асырылуда.
Айта кетейік, филиал Шымкент қаласы, Тәуке-хан даң., 3А мекен-жайында орналасқан.