ШЫМКЕНТТІК ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІНТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті діни конфессилялар өкілдерінің басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырды.

Департамент басшысы Ә.Көмекбаевтың төрағалығымен өткен кездесуге  қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы М.Базарқұлов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры А.Ноғаев, «Нұр Әлем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Орманов, діни бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлай келе,Департамент басшысы Әли Амантайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты табысты жүргізуде рухани мәдениеттің негізгі маңыздылығын атап өтті.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай дін өкілдерімен жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отыратындығын жеткізіп, жұмысты одан әрі бірлесе жалғастыруға шақырды.

Кездесу барысында діни бірлестіктердің басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленіп жатқандығы айтылып, діни қызметкерлерге осы тақырыпта діни рәсімдер, уағыздар кезінде жиі айту ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444