Түркістан өңірінде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылды

🎙Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет баспасөз жиынында мәлімдеді.
🔔Брифингте ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндалып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылды және қоғамның барлық саласына қатысты екендігі хабардар етілді.
🔍Бұдан бөлек, Нұрдәулет Ілиясұлы «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жыл басынан бері жүргізілген мониторингтік жұмыстарға тоқталды.
✅Соңғы 9 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары спортшылардың жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысуы бойынша және жерге орналастыру жобасын дайындау салаларына қатысты жүргізілгенін мәлімдеп, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жыл басынан бері 5️⃣1️⃣2️⃣ млн. теңгеден астам (512 479 999тг.) қаржы үнемделгенін жеткізді.
⛔Мәселен, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт костюмының бір данасын 267 857 теңгеге сатып алуды жоспарлаған. 230 данасы 61 607 142 теңгені құраған. Департамент тарапынан бағасын медиандық бағаға сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолданған соң, спорт костюмының бір данасын 26 785 теңгеге сатып алу жоспарланған, сәйкесінше 230 дана костюмның жалпы сомасы 6 160 713 теңгеге өзгерді.
⛔Сондай-ақ, сәуір айында жүргізілген мониторингке сәйкес, Қоғамдық даму басқармасы тарапынан жоспарланған жалпы сомасы 112 712 226 теңгені құрайтын іс-шаралар, коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында сатып алудан бас тартылды.
📊Бюджет қаражатын мақсатсыз шығындау деректерінің жолын кескен Департамент алдағы уақытта да бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444