ПАРАСАТ ЖОЛЫ: КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

Жастарға жол сілтеп, жазушы, ақындардың шығармашылығы арқылы адалдықты насихаттау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы балалар  кітапханасының «Парасат жолы» орталығында кітапхана ұжымымен және оқырмандарымен кезекті кездесу өтті.

Қонақ ретінде балалар жазушысы Қ.Исаев, мәдениет қайраткері Б.Пірімбетов, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар шақыртылды.

Шара барысында Қожагелді Исаев шығармашылығынан хабардар етіп, өз тәжірибесіне сүйене отырып, парасаттылық, адалдық құндылықтарының маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Спикер жастар тәрбиесіне, біліміне, кітапқа құштар болуындағы кітапхана қызметкерлерінің рөліне, еңбектеріндегі басты тақырыптарға тоқталды.

Бастарбек Пірімбетов жасөспірімдердің рухани, танымдық көзқарасы мен тәрбиесі жайында сөз қозғады.

Сонымен қатар, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қатысушыларды кітапхана қабырғаларынан «Парасат жолы» орталықтарының ашылу себебі мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу екендігін жеткізіп, бүгінгі кездесу соның дәлелі болып отырғандығын айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444