ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының ұжымымен кездесу өтті.

Шараға құрметті мемлекеттік қызметші, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Батырша Маханов, Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова қатысты.

Негізгі күн тәртібі —  жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды.

Шара барысында жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылу барысы, бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тікелей басшылардың дербес тәртіптік жауапкершілігі, жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды сапалы орындаудың маңыздылығы мен ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды.

Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесу қалалық  мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының қызметкерлерімен де өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444