ХАБАРЛАМАЛАРДЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты болып табылады.
Осы тетіктің тиімділігін күшейту мақсатында сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі енгізілген.
Бұл туралы «Antikor.Live» жобасы аясында өткен тікелей эфир барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев хабарлады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

Тікелей эфир барысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Департаментке тікелей немесе 1424 Call-орталығының бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы хабарланды.
1424 Call-орталығындағы операторлар Агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды. Департамент азаматтарға толығымен ашық, деген спикер азаматтарды жемқорлықпен күресте белсенділік танытуға шақырады.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева білім саласындағы жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндай келе, білім беру ұйымдарында жұмысқа қабылдауда, мұғалімдерге сағат жүктемесін бөлуде, түрлі олимпиада, конкурстарда жүлделі орын алуда сыбайлас жемқорлық фактілері орын алғанда немесе  мұғалімдер мен ата-аналардан түрлі себептерді сылтауратып қаржы жиналғанына куә болған жағдайда 8(7252) 53-64-56, 8707 904 04 95, 8702 253 96 47 нөмірлерін хабарласуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444