ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАСТЫҚ СЕЙІЛМЕЙ, ЕЛ ӘЛЕУЕТІ ТҮЗЕЛМЕЙДІ
Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штаб жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаевтың кезекті кездесуі Шардара аудандық кірістер, қазынашылық және статистика басқармаларында өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты — ұжым арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу арқылы елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.
Ерұлан Икрамұлы мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, әрбір мемлекеттік қызметші немесе басшы болсын қызметке келгенде өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін ата өтіп, өзгерістерді өздерінен бастап, халыққа адал қызмет көрсетулерін назарға алды.
Оқыту семинарында Е.Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен жиынның баяндамасында Президент жолдауы мен бірінші басшылардың жауапкершілігі мен пара берушілерге қатысты Заң нормалары айтылып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбір қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.