ТҮРКІСТАН: ПАРАСАТТЫ ТҰЛҒАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМЫ — ХАЛЫҚҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
Парасаттылық — адам өмірінде мәдениеттілік пен көрегенділік сипатына ие. Адамның көңілі таза, пейілі кең, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб жетекшісінің кезекті кездесуі Шардара ауданының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және құрылыс бөліміөызметкерлерінің арасында өтті.
Мемлекеттік қызметкерлермен өткен мақсатты жиында облыстық ақпараттық — ағарту штабының жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаев, Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына айрықша атап өтті.
Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы және Президент жолдауы мен бірінші басшылардың жауапкершілігі мен пара берушілерге қатысты Заң нормалары қатаңдатылғанын айтып өтті.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында Ерұлан Икрамұлы қоғам індетімен күрес шараларын күшейтумен қатар оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарды түсіндіріп, жемқорлық көріністеріне жол бермеу керектігін айтып, әлеуметтік дертпен бірге күресу жүргізуге шақырды.