Жастарды қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес өтті

Бүгін Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ахметов Мади Абылайұлының қатысуымен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

🔹Кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралады. Олар:
1. «Азаматтық белсенділік» бағыты бойынша ұсыным жинақтау;
2. «Жастарды қолдау, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бағыты бойынша ұсыным жинақтау;
3. «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бағыты бойынша ұсыным жинақтау.

🔹Жиында ең басты мәселе бойынша Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқарма басшысының м.а.Тимур Дербіс баяндама жасады.

🔹Жиын соңында қалалық партия филиалының жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңеске төмендегідей тапсырмалар берілді.

1. Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасына талдамалық зерделеу жасап, 2021 жылдың 30 шілдесіне дейін қалалық филиал төрағасы, қала әкіміне сараптамалық анықтама енгізу;

2. Қаланың даму тұжырымдамасына талдама жасап, жол картасындағы белгіленген бағыттар бойынша тоқсан айын көшпелі мәжілістер ұйымдастырылсын;

3. Шымкент қалалық мәслихатына жастардың өзекті мәселелері бойынша тоқсан сайын ұсынымдар әзірлеу:

4. Жол картасын орындауда салғырттық танытқан партия мүшелерін (орын алған жағдайда )Партиялық бақылау комиссиясына партиялық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізілсін;

🔹Кеңестің жұмысы қоғамдық пікірді ескеріп, сондай-ақ партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қала көлемінде азаматтардан түскен өтініштер бойынша жұмысын жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444