БӘРІНЕ ҚОЛ ЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  Шымкент қаласы бойынша филиалы 2019 жылдың басында 91 денсаулық сақтау субъектісімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын   түзді, оның ішінде 58 (63,7%) жекеменшік денсаулық сақтау субъектісі болатын.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін  орналастыру рәсімін филиалдың қызметкерлерінен басқа,  қалалық  денсаулық сақтау басқармасының, кәсіпкерлер палатасының, медициналық қызметкерлер  кәсіподағының  және де басқа мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған  аймақтық комиссия жүргізеді.  ТМККК  шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына  енгізілген денсаулық сақтау субъектілеріне орналастырылады.

2019 жылдың басына дерекқорға 125 денсаулық сақтау субъектісі енгізілген, оның ішінде: 35 (28%) мемлекеттік, 90 (72%) жекеменшік, 123 – қызмет беруші, 116 — бірлесіп орындаушы екенін айта кетейік.

         ТМККК  шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету үшін  2019 жылға Шымкент қаласына бекітілген бюджеттік қаражат сомасы 37 743 695,053 мың теңге. Ал, биылғы жылдың  ақпанына Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының  жалпы   сомасы 36 687 666,8 мың теңгені құрады, алдыңғы жылы яғни, 2018жылы .- 36 065 812,6 мың теңгені құрады.

ТМККК  шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету үшін  филиал келісім шартта тұрған  денсаулық сақтау субъектілеріне 7 008 967,9 мың   теңге, немесе келісім шарттың   сомасынан 19% аванс төлемдерін 2019 жылдың қаңтар айында жүзеге асырды.

Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмектің келесі нысандары мен түрлері бойынша қызмет көрсетеді: стационарлық көмек, оның ішінде: қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту, Жоғары технологиялық медициналық көмек (кардиохирургиялық орталығы, №1 ҚКА, «ЭКО Мед» ЖШС), стационарды алмастыру көмегі, жедел жәрдем көмегі және т.б.

Филиал ТМККК  шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын  үнемі өзектендіріп  тұрады. Бүгінгі  таңда  өткен жылдың  желтоқсан айында көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеу жұмыстары аяқталды.

Филиал тұрақты негізде көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне, сапасына мониторинг жүргізеді, көлемдерді болжамдайды, егер де медициналық көмектің кейбір түрлеріне тұтыну жоғарласа өзге қаражат көздерінен алынып, қайта бөліске салынады, сонымен қатар мүмкіндігінше қосымша қаражат бөлінуді қарастырады, бірақ, бұл  жерде Қордың мүмкіндігі шектеулі. Қаржыны қайта бөліске салу үшін денсаулық сақтау субъектілері Қорға өтінімдерді заңда белгіленген тәртіппен  жолдайды.

Найля КИЙКБАЕВА,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444