Шымкент: Вакцинациялау бекеттерінде ауыз ашар ұйымдастырылды

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Жолдыхожаевтың демеушілігімен «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы «Дәрігерлерді ардақтайық!» жобасы шеңберінде және «30 қайырымды іс» марафоны аясында қаламыздағы 38 вакцинациялау бекеттерінде ауыз ашар ұйымдастырылды.
Вакцинациялау бекеттеріне ауыз ашар себеттері «Ізгілік елшісі» еріктілерінің ықпалымен жеткізілді. Сонымен қатар аталған іс шараға », «Кәусар» дәмхана желісі және Жастар ресурстық орталығы қолдау білдірді.
Қазіргі таңда қаламызда 38 вакцинациялау бекеттері бар. Аталған орталықтар азаматтарға түнгі сағат 00:00-ге дейін қызмет көрсетеді.


Вакцина жасау қазіргі таңда індеттен арылудың негізгі жолы болғандықтан, осы бағытта жұмыс жасап жатқан ақ халатты абзал жандарға алғыс білдіру мақсатында жұма күні қарсаңында ауыз ашар тарқатылды! Барша ат салысқан, қолдау көрсеткен жамағатқа алғыс білдіреміз! Ниет қабыл болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444