БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАДАҒЫ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев қалалық Адами капиталды дамыту бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин және Қазыбек би атындағы жалпы орта мектептерінде болып, адалдық құндылығын білім саласында насихаттау мақсатында ағарту жұмыстарын жүргізді.
Жиынға қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Құлбайымбетова, мектеп директорлары, мектеп мұғалімдері мен ұжым қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында сөз алған Е.Тұңғышбаев Агенттіктің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және ашықтық, тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттарын ортаға салып, мектеп ұжымына заңсыз материалдық сыйлық алу, сыйлық ұсыну, сыйақы беру сынды әрекеттердің жазаға әкеліп соғатынын жеткізді.
Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралу Кодексіне енгізілген толықтырулармен таныстырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — мемлекет саясатының күн тәртібіндегі басты мәселелерінің бірі екендігін баса атап өтті.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.