ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРІП ОТЫР

Бүгінгі күні мемлекет саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептерді анықтау арқылы қоғам індетінің алдын алуға айрықша  басымдық беріп отыр.

Осыған орай, 2020 жылғы 9 қаңтар күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен құқық қорғау саласының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Келелі кездесуге Республикалық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Байгулов және Департаменттің басқарма басшысы Ғ.Ө.Жүндібаев қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, тұрмыстық жемқорлық көріністеріне жол бермеу және мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Шара барысында Т.Байгулов Мемлекет басшысы қол қойған Заңға сәйкес, басшыларға бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына жол бермеу міндеті енгізілгені туралы айтты.

Ал Департамент өкілі Ғабит Өмірәліұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлық күрес шараларын күшейту мен оның алдын алу жолдарының маңызды екенін айтып, қатысушыларды адал қызмет жасауға шақырды.

Сондай-ақ,  қызмет бабын асыра пайдалана отырып, негізсіз әуре-сарсаңға және әкімшілік кедергілерге жол беруге, сондай-ақ сыйлық алуға және ұсынуға болмайтындығын алға тартты.

Шара соңында жиынға қатысушылар көкейде жүрген бірқатар сауалдарын қойып, ол бойынша  нақты жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444