КЕЗЕКТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛДЫНДА ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Төлегенқызы Гүлмира арнайы жұмыс сапарымен Созақ ауданына болып, бірқатар мақсатты топтармен кездесті.
Ең алдымен, ауданға қарасты Шолаққорған ауылдық округінде болып, әкімдік қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шараларын жүргізді.
Гүлмира Төлегенқызы мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, әрбір мемлекеттік қызметшіге жауапкершілік жүгін терең сезіну қажеттігін алға тартып, халыққа адал қызмет көрсетулерін назарға алды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді хабарлап, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде кең көлемде ақпарат берді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілеріне жол бермеу керектігін жеткізді. Халықпен етене жұмыс жасап, ел игілігі жолында ауыл тұрғындарына адал, ашық, қолжетімді қызмет етуге шақырды.
2
Охват (люди)
2
Взаимодействия
Продвижение недоступно
Like
Comment
Share