ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтық қоғамды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тарту жөніндегі жұмысты күшейтті.
Осыған орай, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және қоғам өкілдерімен бірлесіп, Шымкент қаласының Абай, Еңбекші, Қаратау және Әл-Фараби аудандарында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Қоғамдық қабылдауды Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М.Әлиев, Корпорация директорының орынбасары А.Ашетов, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының маманы Е.Нуров, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Әлеуметтік көмек төлемдерін жүргізу бөлімінің басшысы Г.Нуржанова, «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Б.Орманов, қоғам белсендісі С.Сайлауов, қоғам белсендісі Қ.Абдиров және Департамент қызметкерлері жүргізді.
Қоғамдық қабылдаулар барысында 17 қызмет алушының сұрақтары тыңдалып, 7 қызмет алушының мәселесін Департамент өз құзіретінің шегінде бақылауға алды. Сұрақтардың басым көпшілігі әлеуметтік саласына, жер және сәулет мәселелеріне қатысты болды.
Аталған іс-шара алдағы уақытта да арнайы бекітілген кестеге сәйкес әр апта Шымкент қаласының басқада халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады.
Осыған сәйкес, арнайы бекітілген кесте алдын ала Департаменттің және Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады. Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға болады.