АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы көрсетілетін болады.
Тұрғындардың қауіпсіздігі, жұмыспен қамту мекемелерінде кезек қалыптастырмау және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы мақсатында ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы ІІ тоқсаннан бастап АӘК алушылардың өтініштері «Электрондық үкімет» порталы (egov) арқылы қабылданады.
Айта кетсек, 2021 жылдың 1 наурызына дейін Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 44 300 отбасы, яғни 230 634 адам өтініш білдірген. 37 219 отбасыға (188 011 адам) АӘК тағайындалған. Оның ішінде 30 982 отбасы шартты, 6 237 отбасы шартсыз ақшалай көмек. 5 504 отбасыға тағайындаудан бас тартылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі