ШЫМКЕНТ: ҰБТ ТАПСЫРАТЫН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТӨРТ МҮМКІНДІК БЕРІЛІП ОТЫР

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева 2020-2021 оқу жылының IV тоқсанында оқу процесін ұйымдастыру, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау және ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша жан-жақты баяндады.

– Шымкентте биылғы оқу жылының IV тоқсанында жалпы білім беретін мектептерде сыныптағы оқушы саны 25 адамнан асырылмай аралас форматта оқытылады. Сонымен қатар 300 оқушыға дейінгі мектептерде оқушы санын 25-тен асырмай дәстүрлі форматта оқыту ұйымдастырылуда. Ал сабақтан тыс уақытта білім беру әкімшілігінің шешіміне сәйкес 15 адамнан аспайтын топта жекелей оқытуға рұқсат етіледі. Бұл шешімдер негізінде біз қалалық Бас санитардың Қаулысына сүйенеміз, – деді Ж.Тәжиева.

Басқарма басшысының айтуынша, жоғарғы сынып оқушыларын аттестаттау 9-сыныптарда 28 мамыр – 7 маусым, ал 11-сыныптарда 1–10 маусым аралығында барлық санитарлық талапты сақтай отырып ұйымдастырылады. Одан бөлек, 1-сыныпқа балаларды қабылдау 11 қадамнан тұратын нұсқама арқылы жүргізіледі. Құжаттар электронды форматта «Электрондық үкіметтің» веб порталы арқылы 1 сәуірден 1 тамызға дейін қабылданады.

Баспасөз мәжілісінде Жанат Арысбекқызы биыл өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекшелігіне тоқталды.

– Бұл жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша талапкерлерге 4 мүмкіндік беріліп отыр. Ақылы тестілеудің біріншісі қаңтар айында өтті. Ал екіншісі 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтіп жатыр. Осы орайда үміткер ақысыз грантқа түсу мүмкіндігі бойынша сәуірдің 11-і мен маусымның 30-ы аралығында 2 рет өз бағын сынай алады. Ол үшін оқушы тест тапсыратын орынды, күнді және уақытты өз қалауы бойынша таңдайды, – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қалада IV тоқсан барысында ата-аналарға балаларына мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Бұл дәстүрлі тəртіп міндеттелмейді. Яғни, оқушыларға білім ошағына еркін, ұқыпты және жинақы киімде баруға рұқсат беріліп отыр.

Ескертетін жайт, білім беру ұйымдарында сабақ оқыту барысында барлық санитарлық талап сақталады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Ернар Мамыр

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444