Шымкентте Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы және BI Group холдингі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Құрылыс саласының көшбасшысы BI Group холдингі және Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар келісім аясында сауда-экономикалық серіктестікті дамыту мен өзара инвестициялық қарым-қатынасты жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Іс-шараға Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев, BI Group аға серіктесі Айдын Майусов, BI Group сатып алу және логистика департаментінің директоры Дархан Шілдебаев, сонымен қатар құрылыс холдингінің қазіргі және әлеуетті серіктестері қатысты. Іс-шараның тыңдаушылары карантин жағдайында келісімге қол қою рәсімін онлайн режімінде бақылауға мүмкіндік алды.
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев өз сөзінде жергілікті қамту – Кәсіпкерлер палатасының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің жанында жергілікті қамту үлесін арттыру жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Ол мемлекеттік сатып алуда, ұлттық компаниялар мен Шымкент қаласының жүйе құраушы кәсіпорындарын сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен отандық тауар өндірушілердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Жалпы, Шымкент қаласы құрылыс материалдарын өндіру бойынша еліміздің көшбасшысы болып табылады. Мұнда құрылыс индустриясына қажетті барлық материалдар шығарылады. Бүгін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы біз — Шымкенттің өндірушілері мен BI Group холдингі арасындағы көпірге айналамыз », — деді Нұрлан Қабыштаев.
Палатаның Өңірлік кеңесінің мүшесі Ойрат Мамиров құрылыс саласының барлық қатысушыларының өндірушілер мен жобалаушылардан бастап, объектілерді салумен айналысатын құрылыс компанияларына дейінгі өзара қарым-қатынастарын нығайту қажеттілігі тақырыбын көтерді. Ол өзі басқаратын құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалық комитетінің отырыстарында бизнестің жүйелік мәселелері үнемі талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылатындығын атап өтті. Шоғырландырылған және келісілген пікірді тұжырымдау нәтижесінде кедергілерді азайтуға және елдің құрылыс саласын дамытуға қол жеткізуге болады.
BI Group аға серіктесі Айдын Майусовтың айтуынша, холдинг Шымкент қаласы мен жалпы оңтүстік өңірдің кәсіпкерлерімен серіктестік құрып, оны одан әрі нығайтуды қалайды. Алдағы 5 жылда қалаға жоспарланған инвестиция көлемі 200 миллиард теңгеден асады.
Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда Шымкентте эпидемиологиялық жағдайға байланысты 3 000 жұмыссыз тіркелген. Осыған байланысты BI Group жұмыс беруші ретінде жергілікті тұрғындарды жұмыспен және тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге көмектесе алады.
BI Group сатып алу және логистика департаментінің директоры Дархан Шілдебаев ынтымақтастықтың болашағы туралы былай дейді:
«BI Group компаниясының сапалы өнімдері тек үздіктермен серіктестік құруға арналғандығына сенімдіміз. Қазіргі жүріп жатқан құрылыстың көлемі, Холдингтің өршіл жоспарлары жергілікті мердігерлер мен қосалқы мердігерлерді тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Пандемия басталған аласапыран уақытта ынтымақтастықтың өзара тиімді түрлерін дамыту маңызды болмақ. Біз қазіргі серіктестерімізбен «достығымызды» одан әрі нығайтуға ниеттіміз, сондай-ақ жаңа компаниялармен ынтымақтастық құруға дайын екенімізді атап көрсетеміз. Біз серіктестеріміздің арасында монолитшілерді, кірпіш қалаушыларды, арматурашыларды, әрлеушілерді, арматура, газоблок, кірпіш жеткізушілерді, терезе жүйелерін қайта құрастырушыларды және басқаларын көрсек, қуанышты боламыз».
Оның айтуынша, BI Group өзара тиімді серіктестікті дамыту үшін мердігер ұйымдарға тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер беру, BI University корпоративтік университетінде оқуға мүмкіндік беру, компанияның кеңейтілген дирекцияларына шақыру, сонымен қатар халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында бірлескен шетелдік сапарларды ұйымдастыру сияқты бірқатар мүмкіндіктерді ұсынады.
BI Partners порталының көмегімен BI Group-пен ынтымақтастық құруды бастау едәуір жеңілдетілгенін атап өткен жөн. Порталға тіркелу тек коммерциялық ұсыныс жіберіп қана қоймай, серіктестік туралы келісімге онлайн қол қоюға мүмкіндік береді. Жүйенің тағы бір ыңғайлылығы — ол алдағы тендерлер туралы хабарлайды және Uber принципі бойынша белгілі бір өтінімге жауап беруге мүмкіндік береді.
BI Group серіктестерінің бірі «Шымкентгеокарт» ТГП» ЖШС директоры Әбубәкір Құлиев құрылыс холдингімен арадағы жұмыс тәжірибесі туралы былайша ой бөлісті:
Біздің «Шымкентгеокарта» компаниямыз су ұңғымаларын бұрғылаумен, топографиялық түсірілімдермен, геологиялық іздестірулермен айналысады. Соңғы үш жылда Tamerlan Residence және Al-Farabi тұрғын үй кешендеріндегі жұмыстарды атқарып келеміз. Біздің ынтымақтастығымыздың пандемия кезінде де тоқтамағандығын атап өткеніміз орынды деп санаймын. Біз жемісті ынтымақтастық пен баға жетпес тәжірибе жинағанымыз үшін BI Group компаниясына алғысымызды білдіреміз».
ВІ Group-тың жаңа жобалары Шымкентті ғана көркейтіп қоймай, қаланың дамуына да үлес қосатыны белгілі. Холдингтің болашақ серіктестері тұрақты дамуға, тиімді тапсырыстарды, өз стандарттары мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігіне ие болады. Мұның бәрі экономикада оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді – шағын және орта бизнесті дамыту тұтастай алғанда өңірдің дамуына ықпал ететін болады, сондай-ақ қалалық, сол сияқты мемлекеттік бюджетке салықтың жылдам түсуін арттырады.
BI Group құрылыс-инвестициялық холдингі 25 жыл ішінде сенімді серіктеске айналып, беделді жұмыс берушілердің қатарынан орын алды. Компанияда бүгінгі таңда 5000 қызметкер жұмыс істейді. Бүкіл Қазақстан бойынша 30 500-ден астам серіктесті әрбір қазақстандық отбасының бақытты өмір сүруі үшін деген ортақ мақсат біріктіреді. Холдингтің өңірлердегі бизнес өкілдерімен ұзақ мерзімді серіктестік құруға бағытталуы осы мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
Шымкент қ. Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
Тел: +7 7252 394992, +7 701 612 9244, e-mail: klara_s@mail.ru
BI Group компаниясының баспасөз қызметі
Тел: +7 778 711 0007 Мадина Мустафина, e-mail: mustafina_mt@bi.group