“Мен қазақша сөйлеймін” акциясында Азиза үздік ондықтың қатарынан көрінді
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында һзге этнос өкілдері қатысуымен Шымкент қаласында ұйымдастырылған “Мен қазақша сөйлеймін” акциясына М.Маметова атындағы №111 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, өзбек этносының өкілі Абдугафурова Азиза үздік ондықтың қатарына еніп, арнайы дипломмен марапатталды. Бұл жастардың мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату ісіне, мемлекеттік тілді рухани-мәдени құндылық ретінде дәріптеуге қосқан үлесі. Акция қатысушыларына алғыс хаттар берілді. Кең байтақ Отанымызда бір шаңырақ астында тұрып жатқан әрбір қазақстандық мемлекеттік тілде сөйлеп, жаза алса – бүкіл әлемге қазақ тілінің кең құлашты әлеуетін таныта алғанымыз.