Ұлт бірлігін бекемдеуге бағытталған жұмыстар
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында «Этносаралық және конфессияаралық келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында «Достық үйі» ғимаратында этнос өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Есепті мерзімде этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Еңбекші ауданының этностар тығыз шоғырланған 3 шағынаудандары мен тұрғын алаптарында 38 тұрғындарымен кездесу өткізілді. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 25 жылдығы аясында ұлт бірлігін бекемдеуге бағытталған жұмыстар мұнымен де бітпейді.
Әзірбайжан мен армяндар арасында орын алған оқиғаға байланысты Әзірбайжан этностары тығыз орналасқан қаланың 7 тұрғын алаптары мен шағынаудандарында Мәртөбе, Тассай, Қатынкөпір, Ынтымақ-1, Қаратөбе, Қарабастау тұрғын алаптары мен шағынаудандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде этнос белсенділері, абыройлы қариялары мен азаматтар, жастар өкілдері өздерін біртұтас Қазақстан халқының азаматы деп санайтын жеткізіп, арандатушылық әрекеттерге ермейтіндігін мәлім етті. Ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.