Кешеннің келешегі зор
Түркістан облысы әкімінің Сайрам ауданына сапары барысында мал бордақылау кешеннің құрылысымен таныстырған кәсіпкер С.Ертаев кешенді іске қосқанда ет экспорты көлемінің арттыратындығын айтты. «Қыркүйек айында мал бордақылау жұмысын бастаймыз. Жұмыс жоспар бойынша жүргенде күніне 100 бас сиырдың етін өндіруге қол жеткіземіз. Қазіргі таңда, ет экспортауға қатысты Иран және Өзбекстан елдерімен келісімшарт түзілді. Біздің өнімдерге деген сұраныс өте жоғары. Әзірге тіпті үлгере алмай жатырмыз деп айтуға болады. Мәселен, жыл басынан бері Өзбекстанға жалпы 800 тонна, Иранға 200 тонна ет жөнелтілді», – деді кәсіпкер. Жоба құны 3,456 млрд. теңгені құрайды. 80 адам жұмыспен қамтылып отырған кешенде жылына 5000 тонна ет өндіріледі. Бұл жоба өңіріміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының айқын көрінісі. Әрі осы бағыттағы дамуға қосып отырған үлесі де қомақты. Айта кетейік, жалпы ауданда 300 бастан жоғары ірі қара бордақылайтын 33 алаңша бар. Ал, жалпы мал бордақылау алаңшаларының саны 900-ге жуықтайды.