«Жасмин» бизнестің бастауы

Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғыны Мұрат Мейірманов 19 жылдай бойы сүйікті жұмысымен — жиһаз жасаумен айналысады. «Ең бірінші жиһаз гарнитурымыз тез өтті де, әрі-қарай қаржы қажет болды. Қомақты сомамыз болмаған, осылай біз «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на несие алуға келдік. Біздің өтініміміз Қорда мақұлданып, 4 млн теңге несие бөлінді. Бұл қаржыны қажетті құрылғыларды сатып алуға жұмсадық. Қазіргі таңда Шымент қаласында сапалы материал шығарушылар жеткілікті. Қажетті заттарды қаладан әкелеміз. Құрылғыларымыз жұмыс істеп тұр, жергілікті ұйымдар, мектептер, бала бақшалармен жұмыс істейміз. Орта есеппен, күніне 200-250 мың теңгеге тапсырыс аламыз, бұл несие жабуға және тұрақты табыс алып тұруға жеткілікті. Қазір бізде 7 адам жұмыс істейді. Өзім үйретіп, стажировкадан өтіземін. Қолынан келетін болса, еңбекақасыны көтеріп, штатта қалдырамыз. Тауарлар жүйесін көбейтіп, қосымша 10-15 адам жұмысқа алсақ. Қордан тағы бір несие алып, жаңа құрал-жабдықтарды алсақ деген жоспарымыз бар» дейді шебер. Қазіргі уақытта еңбек пен идеяң болса, табысқа жетуге бар мүмкіндіктеріңіз бар. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ  кәсіпкерлік қызметті қолдауға бағытталған «Кәсіпкер» бағдарламасын жүзеге асырады. Несие сомасы — 19  млн теңгеге дейін, мерзімі — 5 жылға дейін, сыйақы үстемесі —  «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша жылдық 6%, Қордың өз қаржысы немесе тартылған қаржыдан — жылдық 16%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі, тиісінше, — 6,7% және 17,5 % дейін. Осы жылы «Кәсіпкер» бағдарламасымен 9,8 млрд теңгеге 1818 жоба қаржыландырылды. Берілген қаражаттың арқасында 2 170 адам жұмыспен қамтылды.

 

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444