Салық түсімі артығымен орындалды

Түлкібас аудандық кірістер басқармасында 24 штатты қызметкер жұмыс істейді, төрт бөлім бар. Салықты әкімшіліктендіру бөлімі, есептеу және талдау бөлімі, ақпараттарды қабылдау және өңдеу бөлімі, мерзімінде төленбеген қарыздарды мәжбүрлеп өндіру бөлімі жұмыс істейді. Бюджеттің барлық деңгейі бойынша биылғы жылдың алты айындағы жоспар артығымен орындалды.  Атап айтқанда, өзіміздің аудандық бюджеттен бастасақ, жоспардағы 1 млрд 463 млн теңгенің орнына 1 млрд 560 млн. теңге түсті. Болжамды жоспардан 97 млн. теңге артығымен түсті, бұл пайызбен шаққанда 106,6-ға орындалды деген сөз. Сонымен қатар, біз республикалық және облыстық бюджеттің орындалуына да жауаптымыз. Облыстық бюджетке түсуі тиіс 1 млрд. 528 млн. теңгенің орнына 1 млрд.617 млн.теңге құйылып, жоспар 89 млн.теңге немесе 105,8 пайыз артығымен орындалды. Республикалық бюджет 207 млн.теңгенің орнына 225 млн.теңге түсіп, жоспар 18,3 млн.теңге артығымен орындалды, яғни 109 пайыз. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 млн, теңге артығымен түсіп, өсу қарқыны 110,8 пайызды құрады. Жалпы мемлекеттік бюджеттің орындалуын қорыта айтсақ, жоспарлы 1 млрд 735,2 теңгенің орнына 1 млрд.842,4 млн. теңге түсіп, жоспар 107,3 млн. теңге артығымен орындалып, 106,2 пайызды көрсетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,2 млн.артығымен түсті.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444