Ақ алтынның тоннасы 170 мың теңге болып белгіленді

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында 38 593 гектардан аса жерге мақта шиті себілген. Биыл орташа есеппен гектарынан 21-24 центнерден өнім алу көзделіп отыр. Мақтаның бағасы анықталып, ең алғашқы болып «Мырзакент» мақта зауыты ақ алтының тоннасын 170 мың теңгеден белгіледі. Бәсекелестік ортада мақтаның бағасы 200 мың теңгеге дейін көтеріледі деген болжам бар.

 

Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 5 мың тоннадан астам ақ алтын келіп түскен болса, диқандар терім біткенше 80 мың тонна ақ ұлпа жинап алуды көздеп отыр. Ол үшін 145 терімшілер бригадасы, 10-нан аса комбайн мақта теру науқанына жұмылдырылған.

 

Мақтаның тезірек ашылуы үшін ауданда қазірдің өзінде 25 мың гектардан астам мақталық алқапқа дефолация шаралары жасалған. «Дробь плюс», «Авгурон экстра», «Коттон», «Реглон-супер» химикаттарының мақта жапырағын түсірудге тиімді әсері байқалуда.

 

«Көсектерге күн жақсы тиген соң тезірек ашылып жатыр. Көптеген шаруалар дефолиацияның пайдасын білмейді. «Мақта салмақ жоғалтады» деп оны жасаудан қашады. Көк көсектер күзде үсік шалғанда бір-ақ ашылады. Ондай мақтаның сапасы да болмайды» — деді мақтасын жинап жатқан шаруаның бірі М.Забынбеков.

 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444