Алғашқы этномәдени орталықтар қалай құрылды?
Алғашқы этномәдени орталықтар Қазақстанда тәуелсіздікке дейін 1989 жылы ұлттық тілдер мен мәдениетті оқыту бойынша сыныптар түрінде ашыла бастаған болатын. Одан кейін ол әрі қарай Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуы үшін үлкен қарқын берді. Басында Қазақстан этностары өз күшінің есебінен, мемлекет тарапынан айтарлықтай қар- жыландырылмай-ақ, өз тілін, мәдениетін қайта жандандыра бастады. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан кейін мемлекет этномәдени бірлестіктердің қызметін ішінара қаржыландыра бастады. Ассамблея Қазақстан Президенті жанындағы кеңестік орган, қоғамдық ұйым болып қалыптасты.
Ассамблеяның 9 мүшесіне Парламент депутаты болуға құқық беретін «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданғаннан кейін, Ассамблея конституциялық-кеңесші орган болды. Ассамблеяның XIV сессиясында оның әрі қарай даму жолдары айқындалды.